Ырғыз аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 30 қазандағы № 211 "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешімінің күшін жою деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 235 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-1 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабының 2 тармағына Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 211 "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4591 болып тіркелген, 2015 жылы 8 желтоқсанда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылдаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: М. ТҰРЫМОВ
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: К. ҚОСАЯҚОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады