Мәртөк аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы № 224 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы С. Үсенов
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Исмагулов

  2016 жылғы 23 ақпандағы № 224 Мәртөк аудандық мәслихаттың шешіміне қосымша

Мәртөк аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) "Үйде тәрбиелетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы" аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 5 ақпандағы № 151 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-105 тіркелген, 2010 жылғы 17 ақпанда "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған);
      2) "Мәртөк ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 31 шілдедегі № 195 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4475 тіркелген, 2015 жылғы 27 тамызда "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған);
      3) "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 30 қазандағы № 203 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4606 тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады