Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 325 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Темір аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 274 "Темір аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4497 тіркелген, 2015 жылы 11 қыркүйекте "Темір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      2. Темір аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 294 "Темір аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2015 жылғы 24 шілдедегі № 274 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің күші жойылсын.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      Қ.ЕСҚАЛИЕВ Н.ӨТЕПОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады