Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің келесі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      1) «Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарының ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдаланылуы туралы» 2014 жылғы 4 наурыздағы № 4-1/130 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9193 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 52 (28276) санында жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 4-1/130 «Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарының ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдаланылуы туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2014 жылғы 13 наурыздағы № 4-1/147 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9216 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 54 (28278) санында жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберілуін;
      2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады