Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 193 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 231 қаулысының (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2012 жылдың 16 тамызында № 6-7-87 болып тіркелген, 2012 жылдың 4 қыркүйегінде № 74 (5747) "Мойынқұм таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 395 қаулысының (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2016 жылдың 15 қаңтарында № 2901 болып тіркелген, 2016 жылдың 9 ақпанында № 17-18 (6125-6126) "Мойынқұм таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының тармақтарында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Оразымбетов Сәбит Мәденұлына жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Нүркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады