"Кірме жолдармен жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктер мен жүк- багажды тиеу, түсіру (босату) жөніндегі қызметті жүзеге асыруы кезінде тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторының қатысу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 721 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 409 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кірме жолдармен жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктер мен жүк-багажды тиеу, түсіру (босату) жөніндегі қызметті жүзеге асыруы кезінде тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторының қатысу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі.№ 721 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміңде № 8825 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 9 қаңтардағы № 4 (28228) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму виде-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады