Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 13/1 "Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 наурыздағы № 10/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 13/1 "Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3169 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 8 мамырда № 18 "Құрыш қала kz" газетінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      Қала әкімі Ғ. Әшімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады