Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 30/320 "Абай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" және 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 37/409 "Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/320 "Абай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 2/20 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамаларының өзгеруіне байланысты Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 30/320 "Абай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 8 шілдеде № 2676 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 шілдедегі № 27 (4030) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде және 2014 жылғы 18 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
       2. Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 37/409 "Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/320 "Абай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 19 қаңтарда № 2934 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 3 (4058) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде және 2015 жылғы 28 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.
      3. Осы шешім қол қойылған кезден бастап күшіне енеді
      Сессия төрағасы В. Черепанов
      Абай аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Цай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады