Жалағаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 4-10 шешімі

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешім қосымшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш аудандық Жалағаш аудандық
      мәслихатының мәслихатының
      4-сессиясының төрағасы хатшысы
      К. СУЛЕЙМЕНОВ М. ЕСПАНОВ

  Жалағаш аудандық мәслихатының
2016 жылғы “29” маусымдағы
№ 4-10 шешіміне қосымша

Жалағаш аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. “Жалағаш аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 29-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4620 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 наурызда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған);
      2. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 34-4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4727 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 шілдеде “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған);
      3. “Жалағаш аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 29-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 06 мамырдағы № 44-7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5002 болып тіркелген, 2015 жылғы 03 маусымда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады