Шиелі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 ақпандағы № 731 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағын басшылыққа ала отырып, Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шиелі ауданы әкімдігінің төменде көрсетілген қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы "Шиелі ауданы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылдың 29 шілдеде № 5075 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2015 жылғы 8 тамыздағы № 60 (8310) санында жарияланған) № 550 қаулысы;
      2) Шиелі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 қарашадағы "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылдың 4 желтоқсанда № 4545 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2014 жылғы 1 қаңтардағы № 1 (8155) санында жарияланған) № 361 қаулысы;
      3) Шиелі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қарашадағы "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылдың 21 желтоқсанда № 4374 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы №5-6(8060-61) санында жарияланған) № 2153 қаулысы;
      4) Шиелі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 шілдедегі ""Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шиелі ауданы әкімдігінің 27 қараша 2012 жылғы № 2153 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылдың 7 тамызында № 4484 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2013 жылғы 17 тамыздағы № 63(8118) санында жарияланған) № 221 қаулысы;
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Сәрсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады