Жангелдин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 253 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жангелдин аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   Т. Нуретденулы

      Жангелдин аудандық
      мәслихатының хатшысы                       С. Нургазин

2015 жылғы 18 қаңтардағы
№ 253 мәслихат шешіміне
1-қосымша      

Жангелдин аудандық мәслихатының
күшi жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі

      1. Жангелдин аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы №206 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекiту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде №5442 тіркелген, 2015 жылғы 26-31 наурызда "Біздің Торғай" газетінде жарияланған).
      2. Жангелдин аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 сәуірдегі №219 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде №5527 тіркелген, 2015 жылғы 28 cәуірде "Біздің Торғай" газетінде жарияланған).
      3. Жангелдин аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 шілдедегі №231 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгiлеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде №5838 тіркелген, 2015 жылғы 1-8 қыркүйекте "Біздің Торғай" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады