"Халықты қылмыстылық деңгейі және оның нәтижелерінің тіркелуі бойынша әлеуметтік-статистикалық зерттеу туралы сауалнама" (коды 1962105, индексі КД-01, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 254 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 31 мамырдағы № 100 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, сондай-ақ "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Халықты қылмыстылық деңгейі және оның нәтижелерінің тіркелуі бойынша әлеуметтік - статистикалық зерттеу туралы сауалнама" (коды 1962105, индексі КД-01, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 254 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7922 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2013 жылғы 16 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың кешірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Статистика комитетінің төрағасы                   Н. Айдапкелов

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
      жөніндегі комитетінің төрағасы
      _________________________ С. Айтпаева
      2016 жылғы ______ _________

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ______________ Қ. Қасымов
      2016 жылғы ______ _________

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
      қызмет істері министрлігінің Сыбайлас
      жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық
      бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа
      қарсы қызмет) төрағасы
      ____________________ Қ. Қожамжаров
      2016 жылғы 16 тамыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
      ________________ Д. Ерғожин
      2016 жылғы 04 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады