Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 маусымдағы "Ақсу қаласы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" № 444/6 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 31/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 40-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 маусымдағы "Ақсу қаласы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" № 444/6 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4567 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде № 26 "Ақсу жолы" және № 26 "Новый путь" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.
      Қала әкімі Қ. Нүкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады