Май ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 3/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 21-1 және 43-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы Қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің қққықтық мониторингін жүргізу қағидасына сәйкес, аудан әкімдігінің актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, Май ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Май ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Ысқақова

  Май ауданы әкімідігінің
2016 жылғы "11" қаңтардағы
№ 3/1 қаулысына
қосымша

Май ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған
қаулыларының тізбесі


Нормативтік құқықтық актінің атауы
Тіркелген және жарияланған күні
1
2
3
1.
Май ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 04 маусымдағы № 163/6 "Май ауданы әкімдігі атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысы
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 09 маусымда № 4518 тіркелген; 2015 жылғы 13 маусымда № 24 (8111) "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған
2.
Май ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 06 ақпандағы № 37/1 "Май ауданы бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы" қаулысы
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 06 наурызда № 3726 тіркелген, 2015 жылғы 22 наурызда № 11 (8148)) "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады