Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған қаулысын күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес Шарбақты ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған, 2015 жылғы 21 мамырдағы "Шарбақты ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының "Б" корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін жыл сайын бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 150/5 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4542 болып тіркелді, 2015 жылғы 28 мамырдағы аудандық № 21 "Маралды" және "Трибуна" газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Ыбыраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады