Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 367 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сай, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
39-сессиясының төрағасы
В. Розинов
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Құрманбаев

  Аудандық мәслихаттың 2016жылғы 24 ақпандағы № 367 шешіміне қосымша

Аудандық мәслихаттың жойылған кейбір шешімдердің тізбесі

      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 320 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Махамбет ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және базалық жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3317 санымен тіркелген, "Жайық шұғыласы" газетінің 2015 жылғы 29 қазанындағы № 43 (6200) сандарында жарияланған) шешімі.
      2. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 351 "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 320 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Махамбет ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және базалық жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3425 тіркелген, "Жайық шұғыласы" газетінің 2016 жылғы 23 қаңтардағы № 3 (6212) сандарында жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады