Сарыағаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 3-39-VI шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Сарыағаш аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1). 2014 жылғы 31 наурыздағы № 29-238-V "Сарыағаш аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2653 тіркелген, "Сарыағаш" газетінде 2014 жылғы 30 мамырда жарияланған);
      2). 2015 жылғы 27 наурыздағы № 40-342-V ""Сарыағаш аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Сарыағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 29-238-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3115 тіркелген, "Сарыағаш" газетінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланған);
      3). 2015 жылғы 26 маусымдағы № 41-369-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3233 тіркелген, "Сарыағаш" газетінде 2015 жылғы 17 шілдеде жарияланған).
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы С.Селтанов
      Аудандық мәслихат хатшысы Ж.Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады