Глубокое ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 301 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Құқықтық акілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27 бабы негізінде, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қосымшаға сәйкес Глубокое ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
       К. Байгонусов

  Глубокое ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 07 қыркүйек
№ 301 қаулысына қосымша

Глубокое ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының Тізбесі

      1. "2016 жылға арналған Глубокое ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Глубокое ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 569 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 20 қаңтарда № 4353 болып тіркелген.
      2. "2015 жылға арналған Глубокое ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Глубокое ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы № 110 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 26 наурызда № 3776 болып тіркелген.
      3. "Глубокое ауданы бойынша 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Глубокое ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 1150 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 22 шілдеде № 3407 болып тіркелген.
      4. "2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұймдастыру мен қаржыландыру туралы" Глубокое ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 22 қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 11 ақнадға № 3675 болып тіркелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады