"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 770-ж бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 267-ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 22.09.2023 № 267-ө бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9824 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже);

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органы - Экология департаменті туралы ереже бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      14-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамында І санаттағы объектілер бойынша жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді;

      9-2) ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      9-3) табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;";

      мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-1) қауіпті қалдықтарды экспорттауға және импорттауға лицензия береді;

      13-2) озонды бұзатын заттардың және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнімдердің экспорты мен импортына лицензия береді;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) мыналарға мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады:

      Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына;

      қоршаған ортаның ластану салдарларын жою жөнiндегi шаралардың жүргiзiлуiне;

      жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жердiң Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес оны одан әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiрiлуiне;

      қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық келiсiмшарттық талаптардың сақталуына;

      жер қойнауының ластанудан, су басудан және қоршаған орта объектiлерiн бүлдіруге алып келетін техногендiк процестерден сақталуына;

      жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының сақталуына;

      жер қойнауы учаскесінiң және жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануына, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарының жойылуына;

      жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуына;

      пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына;

      жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде авариялық және өзге де қауiптi жағдайлардың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;

      зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың көмiлуiне және сарқынды сулардың жер қойнауына ағызылуына;

      су сапасы нормативтерiнiң сақталуына;

      атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде көлiк және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға шығару және пайдалану кезiнде техникалық регламенттердiң, нормативтердiң, қағидалар мен өзге де талаптардың сақталуына;

      қалдықтарды қоймаға жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына;

      парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асырған кезде талаптардың сақталуына;

      қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөнiндегi экологиялық талаптар бөлiгiнде радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе олармен өзге де жұмыстар iстеу қағидаларының сақталуына;

      экологиялық рұқсаттарда белгiленген табиғат пайдалану талаптарының орындалуына;

      өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алудың, кәдеге жаратудың және залалсыздандырудың белгiленген нормалары мен қағидаларының сақталуына;

      ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің стационарлық көздерi бар және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектiлерге қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;

      тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерiнiң сақталуына;

      өндiрiстiк экологиялық бақылау нормалары мен қағидаларының сақталуына;

      Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына;

      қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың бiлiктiлiк талаптары мен қағидаларының сақталуына;

      мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзудiң мiндеттiлiгi туралы талаптардың сақталуына және оның шарттарының орындалуына;

      мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша дұрыс ақпарат беру туралы талаптардың сақталуына;

      қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қағидаларының сақталуына;

      озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуына;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауына;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінде айқындалған талаптарды орындауына;";

      мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-1) табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық немесе өзге де рұқсаттарда көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған, қоршаған ортаға және (немесе) халық денсаулығына аса ірі нұқсан келтiрген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға арналған экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе олардан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзеді;";

      34-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "34-1) апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастырады және тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарастырады;";

      15-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі жөнінде ұсыныстар енгізеді;";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Комитет Төрағасының өкілеттері:

      1) заңнамада белгіленген тәртіпте Комитет қызметкерлерін, Төрағаның орынбасарларын қоспағанда, лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      2) заңнамада бекітілген тәртіпте Комитет қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдары - экология департаменттері басшыларының орынбасарларын іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілік арттыру, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлық ақы беру мәселелерін, сонымен қатар тәртіптік жауапкершіліктерін шешеді;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады және ол үшін жеке жауапкершілік артады;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде Комитеттің атынан түседі;

      5) Министрліктің жауапты хатшысына Комитеттің және оның аумақтық органдарының құрылымы мен штаттық санын өзгерту туралы ұсыныстарды енгізеді;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес оның құзыретіне жататын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органы - Экология департаменті туралы ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органы - Экология департаменті туралы ереже";

      13-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамында І санаттағы объектілер бойынша жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді;

      7-2) ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;

      7-3) табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) мыналарға мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады:

      Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына;

      қоршаған ортаның ластану салдарларын жою жөнiндегi шаралардың жүргiзiлуiне;

      жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жердiң Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес оны одан әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiрiлуiне;

      қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық келiсiмшарттық талаптардың сақталуына;

      жер қойнауының ластанудан, су басудан және қоршаған орта объектiлерiн бүлдіруге алып келетін техногендiк процестерден сақталуына;

      жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының сақталуына;

      жер қойнауы учаскесінiң және жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануына, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарының жойылуына;

      жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуына;

      пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына;

      жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде авариялық және өзге де қауiптi жағдайлардың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;

      зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың көмiлуiне және сарқынды сулардың жер қойнауына ағызылуына;

      су сапасы нормативтерiнiң сақталуына;

      атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде көлiк және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға шығару және пайдалану кезiнде техникалық регламенттердiң, нормативтердiң, қағидалар мен өзге де талаптардың сақталуына;

      қалдықтарды жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына;

      парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асырған кезде талаптардың сақталуына;

      қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөнiндегi экологиялық талаптар бөлiгiнде радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе олармен өзге де жұмыстар iстеу қағидаларының сақталуына;

      экологиялық рұқсаттарда белгiленген табиғат пайдалану талаптарының орындалуына;

      өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алудың, кәдеге жаратудың және залалсыздандырудың белгiленген нормалары мен қағидаларының сақталуына;

      ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің стационарлық көздерi бар және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектiлерге қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;

      тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерiнiң сақталуына;

      өндiрiстiк экологиялық бақылау нормалары мен қағидаларының сақталуына;

      Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына;

      қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың бiлiктiлiк талаптары мен қағидаларының сақталуына;

      мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзудiң мiндеттiлiгi туралы талаптардың сақталуына және оның шарттарының орындалуына;

      мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша дұрыс ақпарат беру туралы талаптардың сақталуына;

      қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қағидаларының сақталуына;

      озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуына;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауына;

      өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінде айқындалған талаптарды орындауына;";

      мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "22-1) табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық немесе өзге де рұқсаттарда көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған, қоршаған ортаға және (немесе) халық денсаулығына аса ірі нұқсан келтiрген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға арналған экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе олардан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзеді;".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, тиісті облыстардағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органдары - Экология департаменттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың жүзеге асырылуы бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апта мерзім ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір ай мерзім ішінде Астана қаласының Әділет департаментін бұйрықтың көшірмесін қоса беріп хабардар етуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 770-ж бұйрығына
қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
Экологиялық реттеу және
бақылау комитеті"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің ережесіне
қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер - аумақтық органдардың тізбесі

      1) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      7) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      8) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      9) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      10) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      11) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      12) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      13) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      14) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      15) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      16) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      17) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады