"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның aумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 58 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 348 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның aумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 58 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;";

      осы бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комитеттiң орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты.";

      осы бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлiк комитетi" республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;";

      осы бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады және әуе және құбыржол көлігін қоспағанда, көлік саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Инспекцияның толық атауы:

      мемлекеттік тілде - "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттiк мекемесi;

      орыс тілінде - республиканское государственное учреждение "Инспекция транспортного контроля по городу Нур-Султан" Комитета транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан".

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Инспекцияның орналасқан жері:

      Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Ақжол көшесі, 28.";

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Р. Скляр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады