"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары ─ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 250 бұйрығы.

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 36-үй.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Комитеттің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, қалалар мен аудандарда аумақтық бөлімшелері, оның ішінде фитосанитариялық бақылау бекеттері, сондай-ақ Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.";

      15-тармақта:

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      16-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия береді;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;";

      17-тармақта:2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;

      6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      18-тармақта:

      9) тармақша алып тасталсын;

      11) тармақша алып тасталсын;

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      19-тармақтың 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;

      20-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алтай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі".";

      101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "101. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бәйтерек аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі".";

      213-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "213. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі".".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады