"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 11-1-4/33 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті" және "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті – "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 24 қазандағы № 100 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9841 тіркелген, 2014 жылғы 18 қарашадағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң сараптама басқармасына осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Б. Көшербаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Б. Атамқұлов

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2019 жылғы 30 қаңтардағы
№ 11-1-4/33 бұйрығына
қосымша

"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ инвестицияларды тарту жөнінде мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру салаларында Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысушы ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтың қатынастарға түседі.

      5. Комитет егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің заңды мекенжайы; Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 28 "а" ғимараты.

      9. Комитеттің толық атауы:

      мемлекеттік тілде - "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілде - реcпубликанское государственное учреждение "Комитет по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан".

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен есебінен жүзеге асырылады.

      12. Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Комитет кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түспейді.

      Егер Комитетке кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы заңнамалық актілерде берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтарымен міндеттемелері

      13. Міндеті:инвестицияларды тарту жөнінде мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру, инвестициялық жобалардың іске асыру және мониторинг шаралардың қамтамасыз ету.

      14. Функциялары:

      1) инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;

      2) инвесторларды немесе олардың өкілдерін қазіргі бар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асыру және оларға консультация беру;

      3) инвесторларға немесе олардың өкілдеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алу үшін қажетті құжаттарды дайындауға және ресімдеуге көмек көрсету;

      4) инвесторларға немесе олардың өкілдеріне электрондық цифрлық қолтаңбаны, электрондық өтініштерді және басқа да құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;

      5) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабында айқындалған тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде инвесторды немесе олардың өкілдерін орталық және жергілікті атқарушы органдарда сүйемелдеу;

      6) инвестициялық келiсiмшартты тіркеуді жүзеге асыру;

      7) инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзімге берілетін технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кедендік баждар салудан босату туралы хабарламаны кеден органына жіберу;

      8) инвесторлар үшін "бір терезе" құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы инвестормен өзара іс-қимыл жасау;

      9) инвестициялық омбудсменнің қызметін қамтамасыз ету;

      10) уәкiлеттi орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес мүдделi заңды тұлғалар тарапынан кепiлдендiрiлген тапсырысты қамтамасыз етуде инвесторларға жәрдемдесу;

      11) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша мемлекеттік заттай гранттарды инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз беру;

      12) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 293-бабында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылдау және өтiнiм берушiге жазбаша нысанда жауап жiберу;

      13) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмдердi қабылдау, тiркеу және қарау тәртібін айқындау;

      14) инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      15) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiберу және бұзушылықтарды жою үшiн үш ай мерзiм белгiлеу;

      16) инвестициялық келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және оларды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау;

      17) арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу қағидалары мен шарттарын әзірлеу.

      Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      15. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:

      Комитет:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды шығарады;

      2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан белгіленген заңнамалық тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;

      5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      6) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды таратады;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады

      Комитеттің міндеттеріне:

      1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелерге қатысу;

      4) сауал жолданған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;

      5) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

      6) Министрлікке бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;

      7) Комитетке бөлінетін бюджетті қаражаттың толық, уақытылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      8) мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыруы кіреді.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      16. Комитетіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.

      17. Комитет Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет төрағасы Министрліктің жауапты хатшымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет төрағасы Комитеттің құрылымдық және штат кестесі бойынша ұсыныстарды Министрліктің басшылығына ұсынады.

      20. Комитет төрағасының өкілеттігі:

      1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттемелері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) өз құзыреті бұйрықтарды шығарады;

      3) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің мүддесін қорғайды;

      4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді;

      5) республикалық бюджеттік бағдарламалар іске асыру үшін жауапкершілік арқалайды;

      6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Комитеттің төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      21. Комитет төрағасының орынбасары;

      1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметін өз құзыреті шегінде үйлестіреді;

      2) Комитеттің төрағасы оған жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      22. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.

      Комитет мүлкі оған меншік иесі берген, мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығармайды немесе оған өзге де жолмен билік етпейді.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады