Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 159 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 52 бірлескен бұйрығы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 19-3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтер нысаны бекітілсін.

      2. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі _________ Е. Жамаубаев

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Төрағасы ______________ А. Жаилғанова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2021 жылғы 26 ақпандағы
№ 159 және
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Төрағасының
2021 жылғы 19 наурыздағы
№ 52 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 19-3-тармағына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібі және мерзімі

      2. Уәкілетті орган мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің "Е-қызмет" ақпараттық жүйесінен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеттінің "Интеграцияланған деректер қоры" ақпараттық жүйесіне осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша Мәліметтердің өзгеруіне қарай күнделікті автоматтандырылған тәртіппен береді.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетті осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2021 жылғы 26 ақпандағы
№ 159 және
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Төрағасының
2021 жылғы 19 наурыздағы
№ 52 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  нысан

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтер

Жеке адам бойынша мәлімет

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық бойынша мәліметтер

Штатты жинақтау көзі

жеке сәйкестендіру нөмірі

тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

персон коды

құжатты сәйкестендіргіш

құжаттың нөмірі

бұйрық бекітілген күн

бұйрық күшіне енген күн

құжат түрі

құжат сыны бы

күші жойылды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12














Мемлекеттік орган туралы мәліметтер

Мемлекеттік қызметшінің лауазымы туралы мәліметтер

Қызметкердің мемлекеттік органда жұмысын бастаған күн

бизнес-сәйкестендіру нөмірі

атауы

бөлімше

штаттағы лауазымы

тізілім бойынша лауазымы

мемлекеттік қызметшінің санаты

бірінші басшы болып табылама

13

14

15

16

17

18

19

20










Жұмыстан шығару жөніндегі бұйрық туралы мәліметтер

Жұмыс өтілі

құжатты сәйкестендіргіш

бұйрықтың нөмірі

бұйрықтың күні

жұмыстан шығарылған күн

құжат сыныбы

бұйрықты дайындаудың себебі

құжат файлы

21

22

23

24

25

26

27

28









  "Мемлекеттік қызмет персоналы
бойынша бірыңғай
автоматтандырылған деректер
базасынан (ақпараттық жүйеден)
саяси және әкімшілік
мемлекеттік қызметшілер
бойынша мәліметтер" нысанына
қосымша

"Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасынан (ақпараттық жүйеден) саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер бойынша мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      "Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметшілер туралы бірыңғай автоматтандырылған деректер базасынан (ақпараттық жүйеден) саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер болып табылатын жеке тұлғалар туралы мәліметтер" нысанын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган ұсынады және мынадай деректерді қамтиды:

      1-бағанда – жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда – саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметші болып табылатын жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      3-бағанда – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі;

      4-бағанда – 2-бағанда көрсетілген мемлекеттік қызметшінің бірегей нөмірі көрсетіледі;

      5-бағанда – жұмысқа қабылдау туралы құжаттың бірегей коды көрсетіледі;

      6-бағанда – 5-бағанда көрсетілген құжаттың нөмірі көрсетіледі;

      7-бағанда – 5-бағанда көрсетілген құжат бекітілген күн көрсетіледі;

      8-бағанда – бұйрық күшіне енген күн көрсетіледі;

      9-бағанда – 5-бағанда көрсетілген құжаттың түрі көрсетіледі;

      10-бағанда – 5-бағанда көрсетілген құжат сыныбы көрсетіледі;

      11-бағанда – егерде арнайы тексерістің теріс жауабына/конкурстық комиссияның шешімін шағамдауға /жеке тұлғаның жұмысқа қабылдау туралы өтінішін қайтарып алуға арналған өтінішіне/жұмысқа шығудан бас тарту туралы акт жасауға (жұмысқа шықпау туралы акт) өзге де мән-жайларда жеке тұлғаның бас тартуына байланысты жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы күшін жойса "1" цифры көрсетіледі, егер жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың күші жойылмаса онда "0" цифры көрсетіледі;

      12-бағанда – штатты жинақтау көзі көрсетіледі;

      13-бағанда – мемлекеттік органның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      14-бағанда – 13-бағанда көрсетілген мемлекеттік органның атауы көрсетіледі;

      15-бағанда – 13-бағанда көрсетілген мемлекеттік органдағы бөлімшесі көрсетіледі;

      16-бағанда – 2-бағанда көрсетілген мемлекеттік қызметшінің штаттағы лауазымы көрсетіледі;

      17-бағанда – 2-бағанда көрсетілген мемлекеттік қызметшінің тізілім бойынша лауазымы көрсетіледі;

      18-бағанда – 2-бағанда көрсетілген мемлекеттік қызметшінің санаты көрсетіледі;

      19-бағанда – егер 2-бағанда көрсетілген мемлекеттік қызметші 13-бағанда көрсетілген мемлекеттік органның бірінші басшысы болып табылмаса "0" цифры көрсетіледі, егер бірінші басшысы болып табылса, онда "1" цифры көрсетіледі;

      20-бағанда – 13-бағанда көрсетілген мемлекеттік органда 2-бағанда көрсетілген қызметкердің жұмысты бастаған күні көрсетіледі;

      21-бағанда – құжатты сәйкестендіргіш (жұмыстан шығару туралы бұйрық) көрсетіледі;

      22-бағанда – 2-бағанда көрсетілген мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару туралы бұйрықтың нөмір көрсетіледі;

      23-бағанда – 23-бағанда көрсетілген бұйрықтың күні көрсетіледі;

      24-бағанда – 2-бағанда көрсетілген мемлекеттік қызметшінің жұмыстан шығарылған күні көрсетіледі;

      25-бағанда – 22-бағанда көрсетілген құжат сыныбы көрсетіледі;

      26-бағанда – 22-бағанда көрсетілген бұйрықты дайындау себебі көрсетіледі;

      27-бағанда – 22-бағанда көрсетілген құжаттың файлы көрсетіледі;

      28-бағанда – 2-бағанда көрсетілген мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметтегі өтілі көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады