"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 201 бұйрығы.


      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы туралы ережеде:

      2-тараудың орсы тіліндегі атауына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      14-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған профилактикалық, емдеу, сауықтыру және оңалту іс-шаралары кешенін жүзеге асыру;";

      14-тармақ 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелерде барлық қызмет бағыттары бойынша ішкі мемлекеттік аудитті және ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асыру;";

      14-тармақ 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты;";

      14-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық ұланды қаружарақтың, әскери техниканың қажетті түрлерімен, оқ-дәрілермен және басқа да материалдық құралдармен қамтамасыз етуді ағымдағы және перспективалық жоспарлауды, оларды іске асыруды, пайдалануды, олардың сақталуын, есепке алынуын, есептен шығарылуын және кәдеге жаратылуын ұйымдастыру, сондай-ақ бейбіт уақытта Ұлттық ұланды жұмылдыра өрістету үшін осы құралдар запасының жинақталуы мен орналастырылуын жоспарлау;";

      29) тармақшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені;";

      14-тармақтың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) Ұлттық ұланның құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын, Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіп кешенін қаруландырудың, дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге, аумақтық және азаматтық қорғаныс міндеттерін жоспарлауға және орындауға қатысу;";

      14-тармақың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) төтенше жағдайларды жоюда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен өзара ісқимыл жасасу;".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылған күннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-лейтенанты Е. Тұрғымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады