Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 210 қаулысы. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, 2021 жылғы 13 тамыздағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі № 1403-ЕL санды пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензиясына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қаржауов А.Ғ" жеке кәсіпкерге пайдалы қазбаларды барлау үшін, Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,002 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2021 жылдың 30 қыркүйекке дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Байғанин ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Утаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады