"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 272 бұйрығы.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ережеде:

      20-тармақта:

      10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалар алынып тасталсын.

      мынадай мазмұндағы 26), 27), 28), 29) және 30) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес тиісті зертханалық практика қағидаттарын іске асырады;

      27) тиісті зертханалық практика саласындағы нормативтік-әдістемелік базаны әзірлейді (әзірлеуге қатысады);

      28) сәйкестікті міндетті растау жөніндегі органдарды және реттелетін салада сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      29) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысады;

      30) белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;";

      26-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Комитеттің аумақтық бөлімшілерінің құрылымын және штаттық санын бекітеді;".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Қарашөкеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады