"Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 8-НҚ нормативтік қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 6-НҚ нормативтік қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Нормативтік қаулы 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Есеп комитетінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 8-НҚ нормативтік қаулысының (2020 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының көшірмелерінің электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрайымы
Н. Годунова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады