Жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 421 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Жаңақорған ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұсынысы негізінде Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Kurumsak Minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, Жаңақорған ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемі 4900,0 гектар жер учаскесіне 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Kurumsak Minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.

      3. "Жаңақорған ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі Р. Рүстемов

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 4 тамыздағы №421
  қаулысына қосымша

Жер пайдаланушылар атауы

Кадастрлік нөмірі

1

"Асылхан" ШҚ

10-149-040-1468

2

"Ғани" ШҚ

10-149-040-1625

3

"Ғани" ЖШС

10-149-040-1626

4

"Ақ сұңқар" ШҚ

10-149-040-622

5

"Тулпар LLC" ШҚ

10-149-040-880

6

"Ғани" ШҚ

10-149-040-931

7

"Сүттіқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ

10-149-040-1896


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады