Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 13/158 "Маңғыстау облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 5/65 шешімі. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 8 желтоқсандағы 2023 жылғы № 7/86 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 08.12.2023 № 7/86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Маңғыстау облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 13/158 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3439 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларында:

      3 тармақта:

      3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.";

      5, 6 және 7 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Көші-қон процестерін реттеу үшін "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

      шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);

      қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

      6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе, жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы да жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады