Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 2 маусымдағы № 1061 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Қ. Ахметов

  Әкімдіктің қаулысына
  қосымша

      1. Жеткізуші (үйішілік) жылу желісі, Қостанай қаласы, Садовая көшесі, 100 А, 100 Г, 100 Д, 100 Е, 100 И, 100 К мекенжайларында орналасқан, жалпы алаңы 0,1036 гектар;

      2. Жеткізуші (үйішілік) жылу желісі, Қостанай қаласы, С.Баймағамбетов көшесі, 3 Б үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0143 гектар;

      3. Жеткізуші (үйішілік) жылу желісі, Қостанай қаласы, Қозыбаев көшесі, 153 үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0817 гектар;

      4. Жеткізуші (үйішілік) жылу желісі, Қостанай қаласы, 6-шағын аудан, 2-үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0281 гектар;

      5. Жеткізуші (үйішілік) жылу желісі, Қостанай қаласы, Жаңа қала тұрғын үй кешені, Наримановская көшесі, 64 үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0114 гектар;

      6. Жеткізуші (үйішілік) жылу желісі, Қостанай қаласы, Жаңа қала тұрғын үй кешені, Л. Беда көшесі, 42, 40, 38, 36, Наримановская көшесі, 74 мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0959 гектар;

      7. Жеткізуші (үйішілік) жылу желісі, Қостанай қаласы, Жаңа қала тұрғын үй кешені, Н.С.Фролова көшесі, 67, 65 мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0657 гектар;

      8. Жеткізуші (үйішілік) жылу желісі, Қостанай қаласы, Қозыбаев көшесі, 39 үйдің бойында орналасқан, жалпы алаңы 0,0362 гектар;

      9. Сыртқы жылумен жабдықтау желілері, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 59 үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0559 гектар;

      10. Сыртқы жылумен жабдықтау желілері, Қостанай қаласы, Сибирская көшесі, 57 үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0610 гектар;

      11. Жеткізуші (үйішілік) жылу желісі, Қостанай қаласы, 5-шағын аудан, 18-үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0032 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады