"Nova Energy Services" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 124 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және 2020 жылғы 6 тамыздағы № 723-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға берілген лицензия негізінде Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Nova Energy Services" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қостанай облысы Денисов ауданының босалқы жерлерінде орналасқан жалпы алаңы 888,9 гектар жер учаскелерінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2026 жылғы 6 тамызға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Nova Energy Services" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерді рекультивациялауды жүргізсін.

      3. "Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Аудан әкімі Нұрғалиев Б.М.

  Әкімдіктің
  2021 жылғы 9 маусымдағы
  № 124 қаулысына
  қосымша

Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер көлемдері

Орналасқан орны

Алаңы, гектар

1

Аршалы ауылдық округі

339,2

2

Приречен ауылдық округі

549,7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады