"Rio Tinto Exploration Kazakhstan" (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 2 шешімі.

      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "Қырым ауылдық округі", "Қырым ауылдық округінің" деген сөздер "Денисов ауданының Қырым ауылы", "Денисов ауданының Қырым ауылының" болып ауыстырылды - Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылы әкімінің 22.06.2022 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 71-1-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, 2020 жылғы 8 шілдедегі № 677-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға берілген лицензия негізінде ШЕШТІМ:

      1. "Rio Tinto Exploration Kazakhstan" (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2026 жылдың 8 шілдесіне дейін Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылының алаңы 328,5873 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы Қырым ауылы әкімінің 22.06.2022 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Rio Tinto Exploration Kazakhstan" (Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерді рекультивациялауды жүргізсін.

      3. "Денисов ауданының Қырым ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Денисов ауданының Қырым ауылының әкімі М. Ізбасаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады