"Гео Север" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 5 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 71-1-бабтарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, 2020 жылғы 10 карашадағы № 921-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға берілген лицензия негізінде ШЕШТІМ:

      1. "Гео Север" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2026 жылдың 10 қарашаға дейін Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округінің Антоновка ауылындағы алаңы 0,53 гектар және алаңы 187,5993 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Гео Север" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерді рекультивациялауды жүргізсін.

      3. "Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Тельман ауылдық округінің әкімі C. Досмухамедов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады