Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 тамыздағы № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, 71-1-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Белинский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, "Рио Тинто Эксплорэйшн Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Белинский ауылдык округінің жерінде орналасқан, жалпы аланы 1472,0359 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округтің әкімі Н. Кошеров

  Белинский ауылдық округі әкімінің
  2021 жылғы 6 тамыздағы
  № 4 шешіміне
  қосымша

Пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленген жер учаскелерінің тізімі

Елді мекеннің атауы

Қауымдық сервитут белгілеу алаңы, гектар

1

Жамбаскөл ауылы

2,8945

2

Қайындыкөл ауылы

1151,5195

3

Смайыл ауылы

317,6219


Барлығы:

1472,0359


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады