Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 16 шілдедегі № 201 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы министрлігі шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан филиалына Шардара ауданы Жаушықұм массивінен су тартқыш пен сорғы стансиясын реконструкциялау үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының қабылдануына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу Шардара аудандық жер қатынастары бөліміне (М.Исаев) жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Таженовке жүктелсін.

      Аудан әкімі К.Жолдыбай

  Шардара ауданы әкімдігінің
2021 жылғы "16" шілдедегі
№ 201 қаулысына қосымша

Жаушықұм массивіне жер асты магистралды су құбыры құрылысы үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер көлемдері

Жер учаскесінің орналасқан жері

қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар)

соның ішінде

ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

оның ішінде


егістік

оның ішінде

көп жылдық екпелер

шабындық

жайылым

Өзге жерлер

Орман қоры жері

суармалы егістік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Жаушықұм ауылдық округі

9,97632

9,97632

-

1,42175

-

-

5,87575

2,67882

-

2

Қ.Тұрысбековауылдық округі

7,98368

7,98368

-


-

-

7,98368

-

-


Барлығы

17,96

17,96





 
13,85943

2,67882



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады