Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 97 "2022-2024 жылдарға арналған Нұра ауылдық округ бюджетін бекіту туралы " шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 маусымдағы № 150 шешімі

      Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 97 "2022-2024 жылдарға арналған Нұра ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. 2022 жылға арналған Нұра ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджет арқылы республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

      азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге - 1 086 мың теңге.

      Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.".

      2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз аудандық
мәслихатының хатшысы:
М. Турымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады