Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 91 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарутуралы" Заңының 31 бабына сәйкес Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Black Gold Operating Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Жақсымай, Ақсай, Шұбарқұдық және Алтықарасу ауылдық округтері аумағынан жалпы көлемі 58620,6 гектар жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2027 жылдың 1 шілдесіне дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Темір ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі С. Аманбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады