Жария сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 35/02 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Genesis project" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 1804,5332 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2028 жылдың 16 наурызына дейін жария сервитут белгіленсін.

      2. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Әбеуова

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 13 маусымдағы
№ 35/02 қаулысына
қосымша

Атауы

Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, га

Оның ішінде

ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылым га

Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері га

1

Ауданның жер қоры

88,3643

88,3643

0,0000

2

№ 5 учаске Н.Қайдарованың "Еркебулан" шаруа қожалығының жерлері (09-102-012-213)

369,2365

369,2365

0,0000

3

№ 2 учаске У.Аримбаеваның "Алғабас" шаруа қожалығының жерлері (09-102-012-104)

531,6982

531,6982

0,0000

4

Е.Шакеновтың "Екпін" шаруа қожалығының жерлері (09-102-012-166)

495,9994

495,0000

0, 9994

5

№ 2 учаске А.Шибиевтің "Екпін" шаруа қожалығының жерлері (09-102-012-154)

319,2348

319,0000

0,2348


Барлығы

1804,5332

1803,299

1,2342


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады