Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин кентінің әкімінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 8 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 19-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Ғабиден Мұстафин кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ғабиден Мұстафин кенті мекенжайында орналасқан жалпы алаңы 28,7650 гектар жер учаскесіне "Ақтау кентінің және Ғабиден Мұстафин кентінің газ құбыры мен газбен жабдықтау желілерін салу" жобасы бойынша жеткізу газ құбырын жобалау және салу үшін 5 жыл мерзімге шектеулі пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.

      2. "Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ғабиден Мұстафин кентінің әкімі К. Кусаинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады