Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 12 шілдедегі № 59/04 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 49 жыл мерзімге "Қарағанды-Павлодар-Семей-Өскемен" талшықты-оптикалық байланыс желілерін пайдалану және қызмет көрсету үшін жер пайдаланушылардың жер учаскелерін алып қоймай, алаңы 41,638 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут "TNS Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне белгіленсін:

      1) Сарыөзек ауылдық округінде жалпы ауданы 0,7 гектар;

      2) Ертіс ауылдық округінде жалпы ауданы 2,1 гектар;

      3) Мирный ауылдық округінде жалпы ауданы 6,28 гектар;

      4) Звездный ауылдық округінде жалпы ауданы 1,29 гектар;

      5) Трудовой ауылдық округінде жалпы ауданы 10,01 гектар;

      6) Қарағайлы ауылдық округінде жалпы ауданы 0,04 гектар;

      7) Ақбұлақ ауылдық округінде жалпы ауданы 7,266 гектар;

      8) Родников ауылдық округінде жалпы ауданы 9,5 гектар;

      9) Жансары ауылдық округінде жалпы ауданы 4,452 гектар.

      2. "Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Кобжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады