Осакаров ауданы Пионер ауылдық округінің аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Пионер ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 6 қазандағы № 5 шешімі.

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық жер комиссиясының қорытындысы негізінде Пионер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Мобайл Телеком-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай, 49 жыл мерзімге талшықты – оптикалық байланыс желісін пайдалану және қызмет көрсету үшін алаңы Центральное ауылындағы алаңы 1.0 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданы Пионер ауылдық округінің әкімінің 10.11.2022 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім О. Аманжол

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады