"Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 128 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Октябрь кентінің әкіміне жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Ибраев

  Әкімдіктің
  2022 жылғы "01" сәуірдегі
  № 128 қаулысымен
  бекітілді

"Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Октябрь кенті әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы белгіленген заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111203, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Октябрь кенті, Горький көшесі, 28.

      10. Осы ереже "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде әкімнің өкілеттігін іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;

      3) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және елдегі әлеуметтік және экономикалық процестерді басқару;

      4) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін өмірге енгізу, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;

      5) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, азаматтардың құқықтық таным деңгейін және олардың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенді азаматтық ұстанымын арттыру;

      6) қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      осы ережеде көзделген негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқылы;

      жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

      "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтар.

      2) Міндеттері:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, Лисаков қаласының, Октябрь кентінің әкімінің және әкімдігінің, актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) кент әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кенттің бюджетін жоспарлау және атқару, сондай-ақ кенттің коммуналдық меншігін басқару салаларында жергілікті атқарушы органның функцияларын жүзеге асыру;

      2) Президенттің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру;

      3) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді жариялау;

      4) аппарат жұмысын жоспарлайды, кеңестер, семинарлар және басқа да іс-шараларды өткізеді, оларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады;

      5) Октябрь кенті әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды;

      6) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

      7) "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде жоспарға сәйкес іс жүргізуді ұйымдастырады;

      8) жеке және заңды тұлғалардың қызметтік құжаттары мен өтініштерін қарайды, әкімнің жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастырады;

      9) мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға бағытталған шараларды қабылдайды;

      10) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бойынша жұмыс жүргізеді;

      11) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      12) елді мекенді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Әкімнің және әкім аппаратының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін басқаруды "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын кент әкімі жүзеге асырады.

      17. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкілеттігі:

      1) "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз ұсынады;

      2) "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін әзірлейді, қала әкімдігіне "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санын бекітуге ұсыныстар енгізеді;

      3) "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

      4) "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;

      6) "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті шешімдер мен өкімдер шығарады, нұсқаулар береді;

      7) кент әкімінің қабылдаған шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты ұйымдастырады;

      9) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

      10) Октябрь кенті әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарларға жібереді;

      11) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      12) нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құрады;

      13) "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақшалай қаражатына иелік етеді, өз құзыреті шегінде қаржы құжаттарына қол қояды;

      14) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;

      15) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімінің өкілеттіктерін орындауды ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Октябрь кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады