"ВАРВАРИНСКОЕ" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 225 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 1016-EL пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде, Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ВАРВАРИНСКОЕ" акционерлік қоғамына, Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округінің босалқы жерлерінде орналасқан аланы 0,0900 гектар жер учаскесінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "ВАРВАРИНСКОЕ" акционерлік қоғамы жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерді рекультивациялауды жүргізсін.

      3. "Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Нұрғалиев Б.М.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады