Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 283 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-1-бабы 2-тармағына сәйкес, Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Жітіқара ауданының аумағында орналасқан жалпы ауданы 858,5854 гектар жер учаскелеріне (Дауылкольское кен орны) 2025 жылғы 21 желтоқсанға дейінгі мерзімге "Джаркульское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі Н. Өтегенов

  Әкімдіктің
  2022 жылғы 12 желтоқсандағы
  № 283 қаулысына
  қосымша

"Джаркульское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1. Мүктікөл ауылдық округі Тимирязев ауылының аумағында (елді мекеннің шегінен тыс) орналасқан, алаңы 22,3921 гектар жер учаскесі.

      2. Мүктікөл ауылдық округі Тимирязев ауылының аумағында (елді мекеннің шегінен тыс) орналасқан, алаңы 65,7741 гектар жер учаскесі.

      3. Мүктікөл ауылдық округі Тимирязев ауылының аумағында (елді мекеннің шегінен тыс) орналасқан, алаңы 61,2680 гектар жер учаскесі.

      4. Мүктікөл ауылдық округі Тимирязев ауылының аумағында (елді мекеннің шегінен тыс) орналасқан, алаңы 11,6519 гектар жер учаскесі.

      5. Степной ауылының аумағында (елді мекеннің шегінен тыс) орналасқан, алаңы 688,3023 гектар жер учаскесі.

      6. Степной ауылының аумағында (елді мекеннің шегінен тыс) орналасқан, алаңы 9,1970 гектар жер учаскесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады