Транстелеком ақционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылы әкімінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 4-ш шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 35-бабына сәйкес Арқа ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Транстелеком" акционерлік қоғамы "Арқа станциясы-Красногорский боксит кеніші" учаскесінде талшықты - оптикалық байланыс желілерін төсеу және пайдалану үшін ауданы 3,1 га 20 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Арқа ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды қамтамасыз етсін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Т. Досмухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады