"Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 59 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Бекмұхамедов

  Қамысты
  ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы "25" наурыздағы
  № 59 қаулысымен
  бекітілген

1. Жалпы ережелер

      1. "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ) кәсіпкерлік саласында басшылық ететін, сондай-ақ Қамысты ауданының аумағында кәсіпкерлік саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу функциясын жүзеге асыратын, бәсекелестікті дамытуға, қолдауға және қорғауға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қамысты ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.

      3. "Қамысты ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты бар

      5. "Қамысты ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Қамысты ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Қамысты ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қамысты ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қамысты ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Ержанов көшесі, 61.

      10. Осы Ереже "Қамысты ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып саналады.

      11. "Қамысты ауданы әкiмдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      Егер "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, бәсекелестікті қорғау, сондай-ақ ғылыми-техникалық салада, инновациялық қызметте кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;

      2) Экономиканың шикізаттық емес секторына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      өз қызметін атқарушы биліктің басқа органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыру;

      мемлекеттік мекеменің сауалдары бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан, кәсіпкерлік субъектілерінен өз құзыреті шегінде қажетті ақпараттық материалдар алу;

      заңды тұлғалармен және азаматтармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алу, сотта талапкер және жауапкер болу;

      мемлекеттік мекеме құзыретінің мәселелері бойынша аудан әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу.

      2) Міндеттері:

      әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерінен сауда қызметі субъектілерінің асып кетуіне бақылауды жүзеге асыру және бағаның негізсіз асып кетуі анықталған жағдайларда, заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету, басшының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын өткізуді ұйымдастыру;

      2) баға белгілеуді талдау, өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      3) өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеу;

      4) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыру;

      5) тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі талаптардың, сауда, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету саласындағы қағидалар мен тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      6) қолданыстағы заңнама мәселелері бойынша халық, шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      7) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асырады;

      8) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдай жасайды;

      9) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және оған жауапты болады;

      10) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;

      11) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      13) шағын кәсіпкерлікті дамыту және оны дамытудың проблемалық мәселелері бойынша ақпаратты талдау және қорыту;

      14) кәсіпкерлік субъектілерін облыстың кредиттік мекемелеріндегі сыртқы қарыздардың, гранттардың шарттары туралы хабардар етеді;

      15) ауданда мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын үйлестіру, есептер дайындау;

      16) даму институттарының, мемлекеттік және ұлттық компаниялардың, сервистік компаниялардың, екінші деңгейдегі банктердің және өзге де ұйымдардың сарапшылары мен консультанттарын тарта отырып, топтық консультациялар мен тренингтер ұйымдастыру;

      17) Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамының салалық бөлімін әзірлеу, аудан әкіміне және әкімдігіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, Даму стратегиясы және басымдықтары бойынша ұсыныстар енгізу;

      18) Қамысты ауданы аумағында туризмді дамыту туралы ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және кәсіпкерлік басқармасына ұсынады;

      19) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты ұсынады;

      20) Қамысты ауданы аумағындағы туристік маршруттардың тізілімін жүргізеді.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ басшылықты "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) бөлім мамандарының функционалдық міндеттерін анықтайды;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      4) "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық қарым-қатынастарда "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ-нің мүддесін қорғайды;

      6) "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ-нің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын, құрылымын және штат кестесін бекітеді, бұйрықтар шығарады және орындауға міндетті нұсқаулар береді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ-не бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады