Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 92 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысына сәйкес, "Надеждинское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (БСН 150140016792) 2021 жылғы 11 қазандағы № 60/01 өтініші бойынша Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Надеждинское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы көлемі 686,3986 гектар Бейімбет Майлин ауданы аумағында орналасқан пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнау участкесін пайдалану үшін, кадастрлық нөмірі 12-189-054-025 жер учаскесінде қауымдық сервитут белгілесін.

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыға қол қойылған күннен бастап осы актінің электрондық нұсқасын "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Өңірлік мемлекеттік кәсіпорнына күнтізбелік жиырма күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жіберсін.

      3. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны оған қол қойылған күннен бастап Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына Мирас Ермұханұлы Ахметовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қ. Мыржақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады