Ақсу қалалық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 218/29 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 188/27 шешімі. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 82/10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 05.12.2023 № 82/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 218/29 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5989 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) Ақсу қаласының мәслихат аппараты немесе кадр қызметінің міндеттерін атқару жүктелген тұлға (кадр қызметі бойынша бас маман) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";

      көрсетілген шешімнің 41-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқар және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      көрсетілген шешімнің 42-тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады