Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатыныңт 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 20-14 "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Черкасс ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы маслихатының 2022 жылғы 11 наурыздағы № 9-19 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 наурызда N 2585 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 8-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 22.09.2023 № 8-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Черкасс ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 20-14 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2589 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Черкасское ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Черкасское ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Черкасское ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының хатшысы ________ Е. Жәкенов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Аққайың ауданы мәслихатының
  2022 жылғы 11 наурыздағы
  № 9-19 шешіміне
  1-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Аққайың ауданы мәслихатының
  2014 жылғы ​​​ 30 қаңтардағы
  № 20-14 шешімімен
  бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Черкасское ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Черкасское ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің осы қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Черкасское ауылдық округі ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Черкасское ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – Черкасское ауылдық округінің ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Черкасское ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдарға) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Черкасское ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Черкасское ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Черкасское ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Черкасское ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Черкасское ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Черкасское ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Аққайың ауданы мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Черкасское ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Аққайың ауданы мәслихатының
  2022 жылғы 11 наурыздағы
  № 9-19 шешіміне
  2-қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Аққайың ауданы мәслихатының
  2014 жылғы 30 қаңтардағы
  № 20- 14 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Черкасское ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Черкасское ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Черкасское ауылдық округінің Черкасское ауылының тұрғындарына

3

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Черкасское ауылдық округінің Добровольское ауылының тұрғындарына

3

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Черкасское ауылдық округінің Новороссийское ауылының тұрғындарына

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады