Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 тамыздағы № 138 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Александр Николаевич Уховқа 49 жыл мерзімге электр таратудың желiлерiн тарту және пайдалану үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,6 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі В. Лукин

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 01 тамыздағы № 138 қаулысына қосымша

Александр Николаевич Уховқа 49 жыл мерзімге электр таратудың желiлерiн тарту және пайдалану үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,6 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу бойынша жерлердің экспликациясы

меншік иесінің (жер пайдаланушының) атауы

жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

жер учаскесінің ауданы, (га)

сервитут шекарасына кіретін жер учаскесінің алаңы, (га)

"Становое" ЖШС

15225030260

307.2721

0.5107

"Сунгат" ш.қ.

15225030355

215.0400

0.0544

"Сунгат" ш.қ.

15225030193

936.6215

0.0101

"Становое" ЖШС

15225030261

340.4634

0.0140

Жиыны:

0.5892


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады